Шардара: Газдандыру мәселесі толық шешімін табады

Oinet.kz 25-08-2020 618

Астананы газдандыру шеткі аудандардан басталады - Қазақстан және ...

Аудан бойынша 25 елді мекеннің 3 елді мекені (Ұзын-ата, Қазақстан, Целинное)  табиғи газ көзіне қосылған. Оларда тұратын халық саны – 13 730 адам (2026 үй), аудан тұрғындарының 17,3 пайызы.

2019 жылы «Газ тасымалдау жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылдан өтпелі болып танылған 5 нысан құрылысы (Қызылқұм, Сүткент, Ақалтын, Егізқұм, Достық)  (Қызылқұм (2658 адам), Сүткент (3038 адам), Ақалтын (2605 адам), Егізқұм (1775 адам), Достық (3331 адам) барлығы 13 407 адам) облыстық бюджет қаржысы есебінен жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды.

2020 жылдың  ІІІ тоқсанында Көксу (7039 адам), Қоссейіт (4995 адам) ауылдарын табиғи газға қосу күтіліп, қосымша осы елді мекендерде тұратын 12 034 адам табиғи газға қосуға мүмкіндік алады.

Жалпы 2019-2024 жылдар аралығында 16 елді мекендерді газдандыру жоспарланып, аудан бойынша 21 елді мекендердегі 78 997 халық (99,4%) табиғи газбен қамту күтілуде.

Шардара қаласын және қаламен іргелес елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қаламен іргелес Ақберді елді мекенінде сметалық құны 2 912,6 млн.теңге болатын ГРС № 18 "Шардара" стансасы салынып, 2019 жылдың қараша айында пайдалануға қабылданды.

Осы жоба аясында, Шардара қаласы және қаламен іргелес 11 елді мекендегі 44 120 адамды (аудан тұрғындарының 55,7 пайызы) табиғи газбен қамтылуға мүмкіндік алады.

І кезең «ОҚО, Шардара ауданы, Шардара қаласына «Шардара» № 18 ГТС жоғары қысымды газ жеткізіп беруші газ құбыры және Шардара қаласы «Өтеғұл» шағын ауданын квартал ішіндегі (орта қысымды газ құбыры) газ жүйелерінің құрылысы» жобасы бойынша құрылысы жұмыстары басталып      2020 жылы аяқталу күтілуде. Жобаның конкурстық құны 1 333 411 мың теңге . Мердігер мекеме "Комби Строй-1" ЖШС.

Бүгінгі күнге, құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында. Осы жобаға сәйкес, Шардара қаласында №14 Бекет, Мұнай база, Өтеғұл шағын аудандарында тұратын 4,2 мыңнан астам халық табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады.

ІІ кезең «Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласының Абай, Қызылжар шағын аудандарын кварталішілік газ жүйелерінің құрылысы» жобасы. Сметалық құны 767,822 млн теңге. Бүгінгі күнге, жергілікті бюджет есебінен 1000,0 қаржы қаралып, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастырған мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен мердігер «КОМБИ-СТРОЙ-І» ЖШС жеңімпаз болып танылып, келісім шарт түзілді. Нысан құрылысы 2021 жылға өтпелі. Жоба бойынша Абай, Қызылжар шағын аудандарындағы 8,0 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады.

ІІІ кезең «Түркістан облысы, Шардара қаласындағы Мелдеби, Қанай Датқа шағын аудандарын газдандыру» жобасы. Сметалық құны 825,902 млн. теңге. Бүгінгі күнге, жергілікті бюджет есебінен 1000,0 қаржы қаралып, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастырған мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен мердігер «Строй Азия Констракшн» ЖШС жеңімпаз болып танылып, келісім шарт түзілді. Нысан құрылысы 2021 жылға өтпелі. Жоба бойынша Мелдеби, Қанай Датқа шағын аудандарындағы 7,8 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады.

ІV кезең Шардара қаласын газдандыру бойынша "Түркістан облысы, Шардара қаласы, Төменгі Тоғай, Майқала, Ақбала, Наурыз, Нұр Отан,           № 3 және № 4 шағын аудандарын табиғи газбен қамтамасыз ету (IV кезең)" жобасы "Улмад" ЖШС мен әзірленуде. Жоба 2020 жылдың ІІІ тоқсанында дайын болады. Осы жобаға сәйкес 9.0  мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады.

Одан бөлек, «Түркістан облысы, Шардара ауданы, Қ. Тұрысбеков ауылдық округі, Шардара ауылының ішкі газ жүйелерінің құрылысы» жобасы әзірленді. Сметалық құны 767,134 млн теңге. Әзірленген ЖСҚ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына құрылысын 2020 жылға қаржыландыру үшін тапсырылған.

Аудан елді мекендерін газдандыру мақсатында Қоссейіт а/о  табиғи газ көзіне қосу үшін Шардара ауданы, Қоссейіт ауылының газ құбырларын пайдалануды ұйымдастыру үшін кентішілік газ құбырын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жарияланып, сатып алу қорытындысымен "ИНСТАТ" ЖШС жеңімпаз болып танылып, 18.05.2020 жылы  № 99 келісім шарт, 32 256,0 мың теңгеге түзіліп бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы келісім шартқа сәйкес 1 қыркүйекке дейін аяқталатын болады. Нысан құрылысы аяқталған соң аталған ауылды табиғи газ көзіне 2020 жылдың IV тоқсанында қосу жоспарланған. 

Шардара: 1 жылда 2 өнімнен 1 миллионнан аса таза табыс табады
Шардара: Жол жұмыстарында босаңсу жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу