Шардара: Ауданда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Oinet.kz 24-08-2020 581

Дәрі-дәрмек пен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы бақылауға ...

Елімізде ғана емес, бүкіл жер шарында белең алған коронавирус инфекциясынан қорғану мақсатында еліміздің барлық аймақтары мен дәрі-дәрмек пен, қорғаныс қажеттіліктері жеткілікті болуы қадағаналануда. Шардара ауданында бүгінгі күні дәрі қоры жеткілікті. Аудандық аурухана қорында короновирустық инфекция мен пневмония ауруын емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттардың  1 айлық қоры бар. Сонымен қатар  қорғаныс заттары мен дезинфекциялық заттар қоры  жеткілікті мөлшерде.

Өзбекстан Республикасының ресми өкілі болып саналатын «Беласар Интернейшнл» ЖШС мен аудандағы бірқатар дәріханалар келісім-шарттар түзіп  тиісті дәрі-дәрмектерді  тұрақты сатып алуда. Атап айтқанда:

-«Жансая» дәріханасы («Нурислам» ЖШС) 805,0 мың теңгеге;

-«Айым» дәріханасы (ЖК «Уалиханова») 452,0 мың теңгеге;

-жеке кәсіпкер Каратаева 180,0 мың теңгеге;

-жеке кәсіпкер Койбагаров 1 320,0 мың теңгеге,  жалпы 2 757,0 мың теңгеге дәрі-дәрмектер сатып алынды.

Сонымен қатар, еліміздегі өзге де ірі көлемдегі көтерме сатушылар «Атамирас» ЖШС, «Медин» ЖШС, «Аманат» ЖШС т.б. көтерме қоймалары бар кәсіпкерлерден дәрі-дәрмектерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

 Барлық дәріханаларда халыққа көрінетін жерге дәріхана тарапынан қандай да бір құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда хабарласу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің watsapp (тел: 87020002494) желісі туралы ақпараттар орналастырылды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 маусымындағы № ҚР ДСМ-68/2020 бұйрығына сәйкес, негізгі дәрі-дәрмектер бағаларының шектік мәнінен асырмай сатылуын бақылау бойынша еріктілер тобы құрылып, күнделікті бақылау жүргізілуде.

Шардара: Дәрі-дәрмектер бағасын бақылау - басты назарда
Шардара: Негізсіз баға өсіргендер жазаланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу