Шардара: Коронавирус инфекциясын алдын алу бойынша 14000 кітапша таратылды

Oinet.kz 24-08-2020 555

Новую опасную фазу пандемии коронавируса объявил глава ВОЗ ...

Шардарада аудандық әкімшілік тарапынан коронавирусқа анализдерді тасымалдауға бір автокөлік бөлінген. Барлық күдікті науқастардан ПЦР-зерттеу жұмыстары наурыз айынан осы күнге дейін 5477 адам тексеріліп, оның ішінде 12 оң нәтижелі, 5429 теріс көрсеткіш көрсетіліп отыр, 36  анализ тексерілу үстінде.

Бүгінгі күнге дейін провизор бөлімшесіндегі 20 төсек орынға өкпе қабынуымен 300 науқас жатқызылып, оның 297 емделіп шықса, 3 науқас ем қабылдауда.  Медицина қызметкерлері 3 ауысыммен жұмыс атқаруда.

Инфекциялық госпитальда ашылған 10 төсек орынға зерттеулердің оң нәтижесі шыққан науқастар ауыстырылады. Онда тәулік бойы дәрігердің  бақылауымен емін жалғастырады. Жағдайы жақсарғаннан кейін үйге қайтарылады. Бүгінгі таңда инфекциялық госпитальда 43 науқас жақызылып 42 адам емделіп шықты.

Қазіргі таңда инфекциялық госпитальдан шыққан науқастардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терапия бөлімінде 32 төсек орын қайта бейімделіп Covid-19 ға «теріс нәтиже» алған екі жақты өкпе қабынуына шалдыққан науқастар емделуде. Бүгінгі таңда 219 науқас тіркеліп, оның 213 емделіп шықса, 6 науқас ем қабылдауда.

Үй жағдайында пневмониямен ауырған адам саны - 414, оның 413 адам ем қабылдап жазылып шықса, қазіргі таңда 1 адам ем қабылдауда.

ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекциясы) үй жағдайында 6 адам ем қабылдап жатыр.

Компьютерлік томографияға (КТ) 402 науқас түсірілген, оның ішінде 72 науқастың пневмония екендігі анықталып, барлығы емделіп шықты. Рентгенографияға 2026 науқас түсірілген.

Халық арасында коронавирус инфекциясын алдын алу бойынша 14000 кітапша таратылды. Сонымен қатар тұрақты түрде жергілікті БАҚ-да
84 мақала, одан бөлек, әлеуметтік желілерде 171 материал және «Үйде отыру маңызды» т.б материалдар жариялануда. «birgemiz», «Үйде Қал», «COVID-19_Turkistan»,  Халықтық Әкімдік хэштегтері жарияланды. “Whatsapp, Facebook, Instagram” әлеуметтік желілерінде коронавирус профилактикасы бойынша мақалалар тұрақты түрде жариялануда.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Шардара аудандық орталық ауруханасына кәсіпкерлер тарапынан қаржылай көмек көрсетіліп, 
36 пульсоксиметр мен 1320 оттегі баллондары (кислород) алынды.

Шардара: Коронавирусқа қарсы 16 мобильді топ жұмыс жасайды
Шардара: Дәрі-дәрмектер бағасын бақылау - басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу