Ордабасы: Асыл тұқымды мал - экспорт әлеуеті

Oinet.kz 20-08-2020 586

Асыл тұқымды мал – экспорт әлеуеті | Қазақстан жаңалықтары: Kazakh ...

Нақ қазір біздің Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі – агроөнеркәсіпті, оның ішінде мал шаруашылығы саласын кешенді түрде дамыту болып тұр. Ордабасы ауданы да осы мақсатта елеулі еңбек етіп келеді. Аудандағы шаруалардың негізгі кәсіп көзінің бірі осы мал шаруашылығы болып есептелінгендіктен, ауданда мал басын көбейту, тұқымын асылдандыру тұрғысында атқарылып жүрген жұмыстар жетерлік.

Асылдандыру жұмыстары - барлық табыстың бастауы. Онсыз малдың басы да, пайдасы да артпайды. Асыл тұқымды мал басын көбейту ауданда бүгінде актуалды.

Аудандағы асыл тұқымды малдардың үлес салмағын арттыру үшін Венгрия мемлекетінен «Бөрте  Милка» ЖШС – 442 сүтті «Голштин» асыл тұқымды сиыр; отандық шаруашылықтардан «Сабыр» ШҚ – 30 асыл тұқымды сиыр; ТМД елдерінен етті бағытта «Арыс-Алтын-К» ЖШС-і – 29, ЖК «Райымбеков Р.К» –  22 , ЖК «Service Pro – 76» асыл тұқымды сиыр; Нидерланд мемлекетінен «Асыл тұқымды шаруашылық. Ордабасы сүт өнімдері» АӨК 504 «Заанен» асыл тұқымды ешкі сатып әкелді.

Жалпы, мамандар асыл тұқымды малдарды елге алып келудің аса тиімді екендігін айтады.

Ордабасы: Күрке тауықтан 30-дан астам өнім алынады
Ордабасыда сүт өнімінің әлеуеті жақсы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу