Ордабасы – ел жүрегі, жер кіндігі

Oinet.kz 20-08-2020 671

Ордабасы ауданының экономикалық әлеуеті артып келеді — ONINFO.KZ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Бүгінгі күнді түсіну үшін де, болашақтың дидарын елестету үшін де кешегі кезге көз жіберуіміз керек» деп тарих тағылымын тануға шақырды. Қазақ даласының тауынан төбесішігіне дейін тұнған шежіре. Тасын түртсең тарихы сайрап қоя беретін хикметке толы мекендерінің бірі – Ордабасы.

 Ордабасыда өнер мен білім де мол.  Қазірде Ордабасы ауданы қай салада болмасын жоғары нәтижелер көрсетіп Түркістан облысының өркендеуіне көңіл тоғайтарлық жетістік сыйлауда. Аудан халқы қандай  ақкөңіл, пейілі кең болса, аудан жері де жомарт, кеше еккен тұқымың аз уаққытта жайқалып ел байлығы – егінге айналады. 

Өңірдің негізгі саласы –  ауыл шаруашылығы. Тек Қазақстанда ғана емес Орта Азияда теңдесі жоқ өндіріс орындары Ордабасының экономикалық әлеуетін арттырып отыр. Ауданда егіс көлемі ұлғайып, жылыжайлар өндірісі қанатын кеңге жаюда. Алқаптардың өнімділігін арттыру мақсатында тамшылап суару әдісі қолданылып, нәтижелілігін байқатты. Ауданда мал шаруашылығы тұрғындардың негізгі кәсібіне айналған. 

Мемлекет пен Үкімет тарапынан қолға алынып мал шаруашылығын дамытудың тірек негізіне айналған «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының ауданда ойдағыдай жүзеге асырылып жатқанын нақты цифрлар айшықтай түседі. Соңғы жылдарда асыл тұқымды жылқы, ірі қара, уақ мал өсіру кеңінен қолға алынған. Ауыл шаруашылығын қайта өңдеу кәсіпорындарының қатары өскені байқалады. Ауданда кәсіпкерлік саласы күннен-күнге өркендеуде.


Шардара: Өнім екі есеге артты
Ордабасы – қазақ рухының қағбасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу