Сайрамда заңсыз жұмыс жасап келген орындардың жұмыстары зерделенді

Oinet.kz 20-08-2020 481

image.png

Сайрамда заңсыз жұмыс жасап келген орындардың жұмыстары зерделенді. Атап айтқанда, заңсыз жұмыс істеп келген мал сою бекеттері, ет сату орындары, ветеринарлық дәріханалар, жем-шөп сату және жем-шөп қоспаларын өндіру, өткізу орындары толығымен бақылауға алынбақ.

Аудан әкімі Уласбек Садибековтің басшылығымен өткен жиналыстың күн тәртібінде бұдан бөлек, жұмыспен қамту және "Еңбек" бағдарламасы аясында мемлекеттік грант алған азаматтардың қаражатты мақсатты түрде жұмсауы, білім беру нысандарының құрылыс жұмыстары мен жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды.

Сайрам ауданында жүзден астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының грантына ие болды. Жыл басында өңір басшысы үй маңындағы жерлерге тамшылатып суару әдісін енгізуді тапсырған болатын. Сайрам ауданында осы жобаны жүзеге асыруға ниет білдірген 100 азаматқа 530 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. 

Мемлекеттік грантқа ие болған аудан тұрғындары өз үйлерінің ауласында тамшылатып суару жүйесін құрып, бақша дақылдарын егуді бастап кетті. Израиль әдісін қолдану арқылы олар әуелі өздерін жұмыспен қамтыса, екіншіден, бақша дақылдарын табыс көзіне айналдыруға мүмкіндігі бар. Ал бұл іске бірінші болып кіріскен аудан тұрғындары аз күнде алғашқы өнімін алуға дайын.

Сайрам: «Праймериз – қабілетті жастардың бағын ашады»
Шардара: Өнім екі есеге артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу