Сарыағаш: Әкім елді мекендердегі ауыз су жайын барлап қайтты

Oinet.kz 20-08-2020 574

image.png

Ауыз су - кез-келген тірі жан үшін ең қымбат және қалпына келтіре алмайтын табиғи қор. Бүгінде ауыз су тапшылығы өңірлерде кездесетін өзекті мәселелердің бірі. Сарыағаш ауданында аталмыш мәселені шешу мақсатында біршама жоспарлар қарастырылған. 

Елді мекендердегі ауыз су мәселелеріның тұрақтылығын және онда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныс болу үшін аудан әкімі М.Отаршиев жұмыс сапарымен Сарыағаш қаласындағы Көктөбе және Телемұнара мөлтек аудандарында болды. Мұнда аудан басшысы ауыз су мұнарасының және су құбырлары құрылысының барысын тексерді. 

Айта кетсек, бұған дейін ауыз су мәселесі мөлтек аудан тұрғындарының жанына батқан мәселенің біріне айналған-тұғын. Сондықтан аудан басшысы бұл өте аз көрсеткіш екенін ескертіп, судың сапасын бақылауды, ол үшін жұмысты жүйелеп, мердігер мекемемен бірге істі ілгерілетуді тиісті мекеме басшыларына тапсырды.

Қазіргі таңда мердігер мекеме «SK Ingenereeng Tehnology» ЖШС-гі тарапынан 22,5 шақырым су құбырлары жүргізіліп, ауыз су құдықтары мен су сақтау қоймалары орнатылған. Мөлтек аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен ауыз су берілуде. Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін елді мекендегі 1500 абонент, яғни 7500 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Сарыағаш: Мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Шардара: «Саяси доданы ашық, таза әрі әділ өткізу – міндетіміз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу