Сарыағаш: Ауыз су мәселесі оң шешімін табуда

Oinet.kz 20-08-2020 547

image.png

Сарыағашта ауыз сумен қамту мәселесі оң шешімін тауып келеді. Тұрғындарының көпшілігі ауыл шаруашылығы кәсібімен, әсіресе егіншілікпен айналысқандықтан болар ауданда ауыз су мәселесі аса өзекті. Осыған орай аудан әкімі кезекті іс сапарымен Дербісек ауылдық округіндегі Атамекен елді мекеніне барды. Мұнда өңір басшысы ауыз су мұнарасының және су құбырларының құрылысымен танысты.
Ауданға қарасты бірқатар елді мекендерде бүгінде ауыз су мәселесі бойынша бірқатар тапсырмалар берілген. Ауданда елді мекендердің 50,7 пайызы ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Сол себептен де, тұрғындарды таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жұмыстары кезең кезеңімен атқарылып келеді.
Құрылыс нысанында болған аудан басшысы М.Отаршиев бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс жағдайын саралай отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мердігер компания мамандарына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.
Қазіргі таңда елді мекенге мердігер мекеме «ТВИК» ЖШС-гі тарапынан 8,11 шақырым су құбырлары жүргізіліп, ауыз су құдықтары мен су сақтау қоймалары орнатылған. Елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 ұңғыма қазу жоспарланса, бүгінгі таңда 1 ұңғыманың бұрғылау жұмыстары аяқталып, қалған 2 ұңғымада бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін елді мекендегі 210 абонент, яғни 2225 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Ордабасы әкімі аудандағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады
Сарыағаш: Мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу