Ордабасы: Ауыз су мәселесі шешімін табады

Oinet.kz 20-08-2020 646

image.png

Елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселесі - бүгінгі күннің аса бір өзекті мәселелерінің бірі. Әсіресе мына ауыл шаруашылығының түр-*түрімен айналысатын Түркістан облысы күні бүгінге дейін аталмыш проблемамен күресудің жолдарын қарастырып, олардың біразы ендігі шешімін тапқан.

Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылы "Асар" массивіндегі ауыз су мәселесі жиі көтеріліп жүргені белгілі. Бұл мәселе аудан әкімі Н.Тұрашбековтың бақылауында болып, шешімін табуға бірқатар жоспарлар да құрылған болатын. Әкім ауылдың жауапты төрағаға уақыт беріп, бұл мәселенің шешілуін өзі жіті қадағалаған болатын.

Кооператив төрағасына ақауды жөндеуге 1 апта мұрсат берілген. Қазіргі таңда ұңғыманы тазалау жұмыстары жүруіне байланысты су беру тоқтатылған. Алайда, аптаның соңына дейін су қайта беріліп, тұрғындар ауыз судан таршылық көрмейтін болады.

Айта кетсек, табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықтың ісі екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Республикамыздағы су ресурсының бітіп қалмауы біздің қолымызда. Ол – суды ысырап етпей, шашып-төкпеу. Ас үйде, жуынатын бөлмеде «су үйге келіп тұр» деген түсінікпен мөлшерден тыс шашып-төгу кімнің отбасында болсын кездеседі. Көзіңізге өзен-көлдердің азайған, солғанын елестетіп көріңізші! Суды есепсіз құрта берсек, осыған жетуіміз де әбден мүмкін… Бүкіл тіршілік иелерінің мекені біреу, ол – жер шары. «Суды шашып-төкпеу», «суды тиімді пайдалану» деген қағиданы балабақшадағы баладан, еңкейген қартқа дейін ұстанса екен. Шылым, сыра, арақ-шарапты жарнамалағанша, суды тиімді пайдалану, табиғатты қорғау секілді жайттарды ұғындыратын жарнамалар дүкенде, көшеде, кез-келген жерде тайға таңба басқандай көрсетілсе жақсы болар еді.

Ордабасы: 637 жүлдені қанжығасына байлаған аудан
Ордабасы әкімі аудандағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу