Сарыағаш: Көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Oinet.kz 19-08-2020 570

АРАЛ: ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ » Сыр медиа

Сарыағашта жол жөндеу жұмыстары жалғасын табуда. Көп кешікпей, көліктің де, көлік жүргізушілердің де көздері ашылады. Өйткені, аз уақыт аралығында көптеген көшелердің жөнделген жаңа жолдары пайдалануға беріледі. 2019 жылы аудандағы жалпы ұзындығы 45,7 шқ құрайтын 24 көшені жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 470927,1 мың теңге қаржы бөлініп, 26,7 шқ орташа жөндеуден өткізілсе, 19,0 шқ шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Ал 2020 жылға  ұзындығы 55,2 шқ  34 көшені орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, бюджеттен 1546962,7 мың теңге қаралды.

Оның ішінде жергілікті бюджеттен 250760,7 мың теңгеге Сарыағаш қаласының орталық С.Ысмайлов көшесінің 3,7 шақырымы;

 «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 882488,0 мың теңгеге Қапланбек елді мекеніндегі 18,8 шқ құрайтын 16 көше, Ынтымақ елді мекеніндегі 23,3 шқ құрайтын 11 көше ортша жөндеуден өткізілуде.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 163636,0 мың теңге 9 шқ құрайтын 5 көше орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Жарты төбе ауылдық округі Келес өзені бойындағы көпірдің құрылысына облыстық бюджет есебінен 216874,0 мың теңге және осы көпірге баратын Құркелес ауылдық округі, Еңкес елді мекені С.Мұсаұлы көшесінің 0,42 шқ 33204,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстары атқарылуда.

Елді мекендердің ішкі көшелерін жөндеу үшін 296 көшеге жалпы соммасы 4985266,0 теңгеге сметалық құжаттары дайындалған.

Сарыағаш: Ауданды жарықтандыру бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде
Сарыағашта білім салысында оң өзгерістер көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу