Ордабасы: Індеттің алдын алу және сақтану шаралары бойынша конференция өтті
Коронавирус індетіне байланысты Орадабасы ауданында сақтық шаралары барынша күшейтілді. Қазіргі таңда аудан әкімдігінде жедел штаб құрылып, қауіпті инфекцияның алдын алу үшін арнайы іс-шаралар әзірленді.
Қазір ең өзекті мәселенің бірі коронавирустық инфекцияның алдын алу бағытында халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып отыр. Осыған байланысты "Ордабасы оттары" газетінің баспасөз клубында Шұбарсу ауыл округі әкімі Турсунбаев Ануар Жантуғанұлымен "Коронавирус және пневмония індеттерінің алдын алу және сақтану шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар" тақырыбында онлайн конференциясы болып өтті.
Ордабасыдағы полиция мен медицина қызметкерлері бүгінде күшейтілген режимге көшкен. Аудандағы қоғамдық орындар дезинфекциялануда.
Ауданда коронавирустық инфекцияның алдын алу және болдырмау мақсатында қатаң шектеу шаралары қолға алынған. Шектеу шараларын, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтық сақтау бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Түсіндіру жұмыстарына ақпараттық тақтайшаларды орналастыру, аудан әкімдігі өкілдерінің, аудандық СЭС, аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің және волонтерлар штабының қатысуымен мониторингтік-түсіндіру топтарының қызмет етуі кіреді.