Сайрамда асфальт жолдар төселді
Сайрамда жол құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы ауданда карантин режиміне қарамастан құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда.
Сайрам ауданында пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1276,3 шақырымды құрайды.
Оның 862 шақырымына асфальт төселген. Мұның 22 шақырымы республикалық маңызы бар жолдарға тиесілі. Ал 162,1 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар. 133,2 шақырым ауданаралық болса, асфальт төселген 544,7 шақырымы ауданның ішкі жолдарына тиесілі.
Айта кетейік, ішкі жолдардың 55%-ы қанағаттанарлық жағдайда. 2020 жылы ішкі көшелердің 85,1 шақырымына асфальт төсеу жоспарланған.
Аталған жұмыстардан кейін аудандағы ішкі көшелердің 8,9%-ы жақсармақ. Яғни, ішкі көшелердің 63,9%-ы қанағаттанарлық жағдайда пайдалануға беріледі.
Жуырда тұрғындар жаңа жолдың игілігін көретін болады.