Бәйдібек: 50 орындық инфекциялық госпиталь жұмыс істеуде

Oinet.kz 12-08-2020 549

Коронавирус жағдайы туралы Ресми

Бәйдібек ауданында бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясы расталған 100 жағдай тіркелді. Ауру ошақтарында залалсыздандыру жұмыстары жүріп, жалпы 6575 шаршы метр аулада дезинфекция жасалды. Бүгінгі таңда 66 науқас аурудан жазылса, 3 науқас инфекциялық госпитальде емделуде. 28 науқас үй карантинінде бақылауға алынып отыр. 3 азамат қайтыс болған.

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков берген мәліметке сүйенсек, ауданда 50 орындық инфекциялық госпиталь жұмыс істеп тұр. Провизорлық бөлімшеде осы уақытқа дейін пневмониямен ауырып ем қабылдап шыққан науқастардың саны – 591.   Олардың 432-сі аудан тұрғындары. Қайтыс болғандар саны – 27.  Бүгінгі күнге ем қабылдап жатқан науқастардың саны –12. Инфекциялық госпитальде осы күнге дейін 96 науқас ем қабылдап, 81-і үйге шығарылды. Ауданда оттегі баллонының 70 данасы бар. 7 науқас арнайы оттегі баллонмен демалуда. Қазіргі таңда аудан бойынша 98 ИВЛ аппараты бар екен. 

– Ауданда 11 дәріхана бар. Ондағы ірі дәріхана иелері мен аудан әкімдігі арасында ынтымақтастық меморандумы түзіліп, шекті бағалар кестесі тұтынушыларға көрінетін жерлерге ілініп қойылған. Аудан тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу мақсатында арнайы 4 мобильдік топ құрылған. Оларға аудан әкімі орынбасарлары және аппарат басшысы жетекшілік жасайды. Топ құрамына тиісті бөлім басшылары, полиция қызметкерлері, кәсіпкерлік палатаның өкілдері, тауардың қызметі мен сапасын бақылау басқармасы топ құрамына енген, - дейді Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков. Мобильдік топ бақылауынан аудан аумағында 290 нысан араланып, 104 нысаннан мемлекеттік бас санитардың шектеулеріне қарамастан бетперде кимеу, санитарлық талаптарсыз қызмет көрсету  мәселелері анықталды. Кемшіліктер бойынша мобильдік топ тарапынан 62 ескерту актісі толтырылды. 42 әкімшілік-құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып айыппұл салынды.

Қазығұртта дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Бәйдібек астық жинаудан көш басында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу