Созақта еріктілер қайырымдылық жасады

Oinet.kz 12-08-2020 478

image.png

Созақ жастары көпке үлгі болар тірлік жасады. Аудан еріктілері бірігіп қиын-қыстау кезеңде науқастарға көмек ретінде тыныс алу аппараттарын сыйға тартты.

Тәкен Әлімқұлов атындағы №14 мектеп лицей интернат ұжымы, аудандық Жастар ресурстық орталығы жанындағы «Vаlue» волонтерлар ұйымымен бірлесіп аудандық ауруханаға бір оттегі концентраторы аппараты мен 5 пульсоксиметр құрылғысын алып беріп, тұрмысы төмен отбасыларға дәрі-дәрмек қорабын табыс етті. Қорапта антибиотиктер, дене қызуын төмендететін және вирусқа қарсы препараттар , ауырсынуды басатын дәрілер, шприцтер мен системалар, глюкоза мен асперин қамтылған. 

15 000 теңгеге жинақталған дәрілер 20 отбасыға үлестірілді. Алматы қаласынан жеткізілген оттегі концентраторы құны 450 000 теңге. Сонымен қатар науқастың өкпесіне барып тұрған оттегінің шамасын анықтайтын 5 пульсоксиметр құрылғысы 250 000 теңгеге сатып алынды. Қазіргі таңда бұл медицинаға арналған аппараттар пневманиямен шалдыққан науқастарды емдеуге таптырмас құрал.
Карантин жағдайында Жастар ресурстық орталығы жанындағы «Volue» волонтерлар ұйымы жыл басынан бері халыққа қызмет көрсетуде. Алғаш болып тұрмысы төмен отбасыларға 3000 дана бетпердені тегін таратып, елге үлгі болған созақтық еріктілер. Туған жеріге аянбай қызмет етуді басты ұран еткен еріктілер, көптің алғысына бөленіп жүр.

Шардаралық оқушылар онлайн шараға белсене қатысты
Бәйдібекте «Абай күні» онлайн форматта тойланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу