Қазығұрт әкімі: Қадірлі Қазығұрт ауданының ұстаздар қауымы!

Oinet.kz 28-05-2020 738

Қадірлі Қазығұрт ауданының ұстаздар қауымы !  Қадірменді мектеп түлектері!

Қадірлі Қазығұрт ауданының ұстаздар қауымы !

Қадірменді мектеп түлектері!

  «Соңғы қоңырау» биылғы жылы 25 мамырда алғаш рет онлайн форматында аудандағы білім мекемелерінде соғылды. Биылғы жылғы соңғы қоңыраудың ерекшелігі төтенше жағдайға байланысты 4 тоқсанды онлайн арқылы қашықтықтан білім алып, алғаш рет емтихансыз 25 мамыр күні жылды қорытындылап, мектеп оқушылары мемлекеттік аттестатқа ие болды.

2019-2020 оқу жылында ауданымызда  мектеп бітірушілердің 90 «Алтын белгі» белгісімен, 54 «Үздік аттестатпен» бітірді. Жүзден жүйрік шыққан түлектерімізді жеткен жетістіктерімен құттықтаймын.

11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру – мектептен қоштасу 4 маусымға жоспарланып отыр. Мереке аясында салтанатты түрде Алтын белгі және аттестаттар тапсырылып, соңғы қоңырау соғылады. Бұл іс- шара мектеп бітіруші түлектер мен ата- аналардың қатысуымен санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. 

Білім саласының дамуына  әр жылы мемлекет тарапынан қомақты қаржы бағытталып, қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтқанда,  2019-2020 жылдары аудан көлемінде 2 мектеп - 200 орындық Кезеңбұлақ, 200 орындық Ақпарақ және 150 орындық Ащыбұлақ мектептері пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 200 орындық К.Әзірбаев мектебінің құрылысы басталды. Қызылтаң, Шарбұлақ орта мектептері күрделі, Б.Момышұлы, Алтынтөбе, Қызылата, Қызылдала, Ащыбұлақ мектептері орта жөндеуден өткізіледі. Сонымен қатар оқушылардың толыққанды білім алуы мақсатында мектептердің материалдық-техникалық базалары нығайтылады.

Қадірлі ұстаздар!

Құрметті оқушылар!

Баршаңызды бүгінгі мерекелі күнімен құттықтаймын. Алдағы уақытта биік жетістіктер мен жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізулеріңізге тілектеспін. 


Қазығұртта карантин шаралары түсіндірілді
Қазығұрт әкімі БАҚ өкілдерімен аудандағы бірқатар кәсіпорындарды аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу