Шақпақ баба ауылына ерекше көңіл бөлінуде

Oinet.kz 28-05-2020 730

image.png

Шақпақ баба Түркістан облысы Түлкібас ауданында орналасқан шағын ауыл. Бүгінде аудан алдындағы кезекті міндеттердің бірі осы ауылды көркейту болып отыр. 

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің аудан, оның ішінде елді мекендерді көркейту, көріктендіру тапсырмасына және аудан әкімі Н.Байғұттың бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес, аудан орталығы мен барлық ауылдық округтердегі орталық көшелердің бойындағы нысандардың қас беттерін ретке келтіру, жөндеу жұмыстары қарқынды іске асуда.

Соңың бірі Шақпақ ауылдық округі. Аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы округ орталығындағы Б.Бағысбеков көшесін аралау барысында үй қасбеттері мен қоршауларын арнайы бекітілген түске бояп, ретке келтіруді тапсырған болатын. Бүгінгі таңда аудан әкімінің апсырмасы 90 пайызға орындалды. 159 үйдің қасбеті боялып, қоршаулары реттелді. Айта кетерлігі, сырлауға қажетті бояулар мен құрал-жабдықтар округ әкімдігі тарапынан демеушілер есебінен ұйымдастырылған.

Бұл бағыттағы жұмыстар басқа ауылдық округтерде жоспарға сәйкес іске асуда. Аталған елді мекен көшелерін көркейтіп, көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілетін болады. 3000-ға жуық халқы бар Шақпақ баба жыл санап көкейетініне сеніміміз мол.


Түлкібаста кезекті аппараттық мәжіліс өтті
Қазығұртта карантин шаралары түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу