Мамин Мақтаарал мен Түркістанда болды

Oinet.kz 28-05-2020 597


Screenshot_8.png

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын, сондай-ақ Түркістан қаласында инфрақұрылымның салынуын тексерді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мақтаарал ауданында Үкімет басшысы тұрғындармен кездесулер өткізіп, Нұрлыжол және Өргебас ауылдарындағы қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен, сондай-ақ Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінен 500 отбасыға арналған жаңа шағын ауданның құрылысымен танысты. Қазір Мырзакент елді мекенінде зардап шегушілерге арнап салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы басталды. 

Түркістан қаласында А. Мамин жаңбырлатып суару технологиясын енгізумен ауыл шаруашылығындағы ирригация желілерін жаңғырту және тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмыстарымен танысты.

Үкімет басшысы Түркістан қаласындағы жетекші ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің егіс алқаптарын, материалдық-техникалық базасы мен өнімдерін көріп, жергілікті фермелермен кездесуде өңірдегі агроөнеркәсіп бизнесін одан әрі дамыту бойынша жоспарды талқылады.

Премьер-Министр Түркістан қаласындағы көлік, әкімшілік, әлеуметтік-мәдени және туристік инфрақұрылым нысандарын салу жұмыстарының барысын тексерді. Айта кетері, төтенше жағдайға қарамастан Түркістан қаласындағы құрылыс нысандарын уақытында бітіру жоспарланған. 


Зардап шегушілерге өтемақы төлеу басталды
Кәсіпкерлікті дамыту - өзекті мәселе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу