Түлкібаста тазалық жұмыстары жүргізілді

Oinet.kz 24-05-2020 635

image.png

Биылғы жылы да жылдағы дәстүр бойынша Түлкібас ауданында санитарлық тазарту, ауылды көркейту, көгалдандыру, әктеу, сырлау, абаттандыру мақсатында тазалық жұмыстары басталды. Барлық мекемеге арнайы аумақтар белгіленіп, тазалау жұмыстары жүргізілді. 

Аудан әкімі Н.Байғұттың тапсырмасына сәйкес 27 секторға бөлінген Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылының орталық көшесі толығымен тазаланып, әктеу, сырлау, шөп ору, қасбеттерді ретке келтіру жұмыстары атқарылды.

Сенбілік жұмыстарының нәтижесінде:
384 дана битум электр бағаналары;
302 дана түнгі жарықтандыру шамдары;
3 аялдама;
2254 метр қоршау;
12 дана кіші архитектуралық мүсіндер;
37 дана демалыс орындықтары сырланды.

Сонымен қатар,
8,6 шақырым жаяу жүргіншілер жолдарының шөбі орылды;
екі жарым мыңнан астам ағаш түптері әктелді;
14 шақырым арық-науалар тазартылды;
6 камаз күл-қоқыс шығарылды;
45 жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарының қасбеттері сырланып ретке келтірілді;
саябақтар мен аллеялар аумағы толығымен тазартылды.

Сенбілікке үш жүзге жуық аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің қызметкерлері жұмылдырылып, жүзден астам ауыл тұрғындары ат салысты.

"Құрметті аудан тұрғындары!

Түлкібастық түлектер көпбалалы анаға баспана сыйлады
Басты талап — санитарлық тазалық пен баға тұрақтылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу