Алма бауына қызығушылық артып келеді

Oinet.kz 22-05-2020 592


Screenshot_6.png

Оңтүстік өңіріндегі алманың отаны саналатын Түлкібас ауданында қарапайым тұрғындар тарапынан алма бау егуге қызығушылық танытқандар қатары жыл санап артып келеді. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Солардың бірі «Нұрбақыт» шаруа қожалығының төрағасы Талғат Өтеев. Былтыр алма бау егуді бастаған шаруа бүгінгі таңда бау көлемін 14 гектарға жеткізіп отыр. 2019 жылы өз қаржысына 2 гектар жерге алма бау егіп бастаған шаруа, биыл мемлекет тарапынан қолдау тауып «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 11 млн.теңге жеңілдетілген несие алып, қосымша 12 гектар жерге алма бау көлемін ұлғайтып отыр.

Тез арада құжаттарын өткізіп, бір жарым айда қаржыға қол жеткізген шаруа қожалық төрағасының айтуынша, бүгінгі таңда өз жеке кәсібін бастаймын деген адамға мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалын. 

-Жылдың басында аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығына алма бау көлемін ұлғайту мақсатында «жеңілдетілген несиені қалай алуға болады?»,-деген сұрақпен жүгінген болатынмын. Сол жердегі мамандар тез әрі нақты қандай құжат жинау қажет екенін түсіндіріп қолдау білдіретіндіктерін айтты,-дейді ол.

Қожалық төрағасы алған қаржыға 12 гектар жерге «Голден Делишес» және «Старклимсон» сорттарынан алма бау отырғызып, тамшылатып суғару жүйесін енгізген. Алдағы уақытта шаруа қожалық төрағасы осымен тоқтап қалмай, алма бау көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Бүгінде Түлкібас ауданында «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамытуға аудан әкімдігі тарапынан ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл – күнделікті қолданатын тауарлар мен қызметтер. Олардың қатарында тоқыма өнімдері мен жиһаз, азық-түлік өнімдері өндірісі және басқа да тауарлар бар. Аталған бағытты дамытудың қажеттігі туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев та «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» халыққа арнаған Жолдауында атап өткен болатын.


Зардап шеккендердің құжаттары тегін рәсімделді
Түлкібастық түлектер көпбалалы анаға баспана сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу