Өтемақы мәселесі үкіметтік комиссияға ұсынылды

Oinet.kz 15-05-2020 565

Screenshot_1.png

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиев Шымкентте Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавхат Хамраевпен кездесті. Кездесуде екі елдің үкімет мүшелері Мақтаарал ауданында болған су апатынан зақым келген жерлерді қалыпқа келтіру және су қоймаларынан келетін қауіптің алдын алу бойынша келіссөз жүргізуде.

Табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың мәлімдеуінше, су тасуы мүмкін деп айтылған Шардара су қоймасынан келетін ешқандай қауіп жоқ. 

-Қазіргі сәтте Мақтаарал және Жетісай ауданында жалпы көлемі - 7649 гектар ауыл шаруашылығы жерлері зақымданған. Осыған байланысты геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр,- деді Е. Нысанбаев.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығына келтірілген шығындар толықтай есептелуде. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Н. Бадырақовтың айтуынша егіншілер жылдың екінші жартысында да дақылдарын қайта өсіру мүмкін емес дейді. Егін шаруашылығымен күн көріп отырған кәсіпкерлердің жалпы шығыны 3 миллиард теңгеге жуық. Өтемақы мәселесі үкіметтік комиссияға ұсынылды.

Естеріңізге сала кетсек, 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймысының бөгеті бұзылды. Апаттан аталған облыс пен Қазақстанның Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданындағы бірнеше елді мекенді су басты.  


Қазығұртта коронавируспен күрес қарқын алды
Түлкібаста төтенше жағдай кезінде азық-түлік обьектілеріне мониторинг жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу