Биыл 97 инвестициялық жоба іске асырылады

Oinet.kz 30-04-2020 644

Screenshot_2.png

2020 жылы Түркістан облысы бойынша жалпы сомасы 397,7 млрд. теңге болатын 97 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Өңірде 5 508 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен жалпы сомасы 268,8 млрд. теңге болатын 14 жоба аясында 2 660 жұмыс орны құрылады.  Жоспарланған жобалардың басым бағыттары ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, "Жасыл экономика", химия өнеркәсібі және әлеуметтік нысандар құрылысын атап өтуге болады.

Агроөнеркәсіптік кешен саласына тоқталар болсақ, "Ecoinvest" ЖШС жобасының I кезеңі, яғни, 21 га жылыжай кешенінің құрылысы аяқталу сатысында. 2017 жылдан бастап Cottonex (Польша) компаниялар тобы Түркістан облысының Сайрам ауданында жоғары технологиялық жылыжай кешенін салудың ауқымды жобасын іске асыруға кіріскен. Инвестицияның жалпы көлемі 11,3 млрд.теңгені құрайды және 200-ден астам жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, "Эко Культура" АӨХ жобасы аясында 500 га жылыжай кешендерінің құрылысы басталды. Ресей компаниясы аталмыш жобаны Түркістан облысы, Келес ауданында жүзеге асыруда. Жобаны жүзеге асыру 2020-2025 жылдарға жоспарланған. Орталық Азияда теңдесі жоқ жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 600 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта компания жобаның бірінші кезеңін іске асыру бойынша 50 га жобалау жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, "Тан Сари Трейдинг А" ЖШС "бақша дақылдары мен жемістерді (қауын мен қарбыз) сақтау және өнеркәсіптік өңдеу бойынша агроөнеркәсіптік кешен" құрылысы бойынша жобаны іске асыруда. Жоба 2020 - 2021 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ. Инвестиция сомасы-1,7 млрд. теңге. Компания өнімдері ТМД және Еуропалық одақ елдеріне экспортталады.


Түркістан инвестиция салу үшін тиімді аймақ
Күн электр станциясын салу жобалары іске асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу