Түлкібастық шаруалар бір жерден екі өнім алуды көздеп отыр

Oinet.kz 20-04-2020 531

На изображении может находиться: небо, гора, облако, на улице и природа

Түлкібаста шаруалар көктемгі егін жұмыстарына кірісті. Өңірдегі жарияланған карантиндік шектеулер кезінде ауыл шарушылық тауарларын өндіру жұмыстары өз деңгейінде жүзеге асатын болады.

Түлкібас ауданының шаруалары биыл жыл бойына егістікке екі рет көкөніс түрлерін отырғызуды жоспарлап отыр. Ондағы мақсат – мол өнім жиып алу.

Бүгінгі таңда бір жерден екі өнім алатын 155 шаруашылық егін егу жұмыстарын іске асырды. Жалпы көлемі 266,13 га жерге егін егілді. Оның ішінде 20-шаруа қожалық 84,3 га жерге бұршақты дақылдар, 28-шаруа қожалық 48,5 га жерге картоп, 107 шаруа қожалық 133,15 га жерге түрлі көкөністерін отырғызып, мол өнім алуды көздеп отыр.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының болжамына сәйкес, 1-ші өнім 1721,3 тонна, ал 2-ші өнім көлемі 4359,0 тоннаға жуықтайды. Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар іске асырылуда. Қазіргі таңда аудан әкімдігінің тиісті дербес бөлімдері мен кент, ауылдық округ мамандары тарапынан өз кәсібін ашуға қызығушылық білдірген тұрғындарға жан-жақты қолдаулар күшейтілген.


Індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында
Жетісайлық диқандар жылына үш рет өнім алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу