Шетелден келгендер қатаң бақылауда

Oinet.kz 03-04-2020 547


7__20_650x410.jpg


Түркістан облысында коронавирустық инфекция тіркелген басқа елдерден келген 51 азамат категориялар бойынша медициналық бақылауға алынды. Бұл туралы Түркістан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлім етті.

Облыста бүгінгі күні коронавирус жұқтырған 16 науқас анықталды.

– Түркістан облысына 1А категориялы мемлекеттер – Германиядан – 318,  Индиядан – 10, Италиядан – 2, сонымен қатар Франция, Испания, Біріккен араб әкімрліктерінің бір-бір адамынан бар. Ал, 1Б категориясымен 33 адам бақылауға алынған. Олардың 24-і Оңтүстік Кореядан, 2-еуі Нидерландыдан болса, Литва, АҚШ, Англия, Украина, Польша, Чехия елдерінің әрқайсысының бір-бірден азаматтары бар.  Бұдан бөлек, өзекті рейстер бойынша науқастармен қарым-қатынаста болған 8 азамат анықталып, COVID-19-ға тексерілді. Бір қуанарлығы – зерттеу нәтижелері теріс болып шықты, – деді Түркістан облысының бас санитар дәрігері. 

Сонымен қатар, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан «ЖРВИ» клиникалық белгілерімен келген 16 азамат стационарларға жатқызылып, лабораториялық тексеруден өткізілген. Бүгінге дейін стационарлардан шығарылған азаматтар саны 38-ге жетіп отыр. 

Облыстық зертхана керекті диагностикалау тест-системалармен және арнайы тасымалдау құралдарымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні облысымызда тест-системаның 12 данасы бар. Әр дана 40-45 сынама зерттеуге арналған. Түркістанға Шымкент қаласынан «КаМАЗ» шассиіндегі жылжымалы зертхана әкеліп орнатылған.


Жетісайда бір мөлтекаудан мен бір ауылда карантин жарияланды
«Еңбек» бағдарламасы аясында 70 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу