Жол жөндеу жұмыстары басталды

Oinet.kz 26-03-2020 685

5e60a7905c262.jpg

Биыл Түркістан облысында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 590,2 шақырымына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өңірде соңғы жылдары жол жөндеуге баса назар аударылып, бірқатар ірі жобалар қолға алынуда.  Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, негізгі басымдылық облыс аумағындағы халқы тығыз әрі шекара маңында орналасқан оңтүстік аудандардың (Шардара, Мақтаарал, Жетісай және Келес) автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту мәселесіне көңіл бөлінуде.

Ағымдағы жылғы құрылыс, жөндеу жұмыстарының маусымы басталды. МәселенШардара ауданының «Шардара-Арыс» бағытындағы 111 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолында жөндеу жұмыстары басталды. Оның «Арнасай-Қазақстан» ауылдары аралығындағы 70 шақырымы орташа жөндеуден өтіп, тамыз айында пайдалануға беріледі. Ал «Қазақстан-Достық» ауылдары арасындағы 41 шақырымы күрделі жөндеуден өтіп, оның жұмыстары 2021 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, «Шардара-Арыс» бағытындағы 47-70 шақырым аралығында жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде.

Сондай-ақ, "Қазақстан-Достық" ауылдары аралығындағы жолда жобаға сәйкес, 6 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда жұмыстар басталып, қарқынды жүруде. Мамандар жолдың сапасына баса мән бермек. 


Жол жөндеу жұмыстары басталды
Жасыл алқап Түркістанның табиғи тынысына айналмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу