Шерағаның шекпенінен шыққан жазармандар көп
Шын жазушының көзі көкірегінде болады. Шерхан Мұртазаның бойына қаламгерлік қасиет әкесінен дарыған. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің қолбасшысы» атты халықаралық симпозиумда айтылды. Симпозиумда студенттердің Шераға туралы жазған шығармалары оқылып, оқ бойы озық шыққандар жүлделі орындардан көрініп, арнайы марапатқа ие болды. Назарларыңызға Бағдат Сұлтанқызының шығармасын ұсынамыз.
"Анасынан ерте айырылған, әкесін «халық жауы» деп темір абақтыға айдатып, ату жазасына кескен Шерханның тағдыры қиян кескі. Морт сынатын жағдай. Алайда шерлі жүрек Шер ағаның таңдауы өз баласын – қазақ халқын мәпелеп, баспасөздің пәрмені арқылы билікке өтіп, жүйенің ашықтығына, бірізді болуына баса ден қойды. Халқына білімнің бар бұлағынан нәр таттырды, өсіріп, жетілдірді. Шер ағаның көзі – шәкірттері. Бәйге бермес жүйріктері, бірінен бірі асқан майталман тұлғалары қазіргі қазақтың арқа сүйер азаматтарына айналып отыр. Бұл – еңбек емес. Бұл – адамның ішкі құндылығының сыйымдалған көрінісі. Негізгі мақсат – мүддесі десек, нақ айтқанымыз деп білеміз. Адам әр уақытта өзіне қойылған мақсат жетегінде өмір сүріп, көп еңбектенгенін бағалап сараптағанда, соңы өзәне тұнық бұлдырдап көрінуі мүмкін. Ол өзіне көрінбесе де, артынан ерген ізбасарларына, қолғанат болып көмегі тиген халқына айдай тұнық көрінетінін ұғынбақ керек. Ол сіз бен біз айтатын сыйластық, ар – ождан, абырой тегі. Шер ағаның бойындағы мінезі, өзіне тән қатулы – ұранды сөздері, адалдық пен қарапайымдылықтың, білім мен еңбектің және ең бастысы бір Құдайға деген кіршіксіз ада сенімінде еді. Көкке көтерді. Халқына сыйлы.
«Журналистика – жол үстіндегі әдебиет», - деп жазушы Оралхан Бөкейдің кемел сөзін келтіруді ұйғарып отырмыз. Өзінің ұлттық жолын журналистикадан бастаған Шерағаның шекпенінен шыққан жазармандардың қаламынан шығып отырған туындылары елді кезінде қайрап отырған сөздерінің жаңа реңіне ауысты. Журналистика даңғыл жолды мамандық атауы, саланың бірі деп қарастырмас едім, ол журналистің тұла бойын өрнектеп, адамдық болмысы арқылы түлеп ұшатын, пешенеге жазылған тағдырдың – ұлт жүрегінің төрінен орын алдырып, қаламының қара сиясымен, жалынды жазбаларды қамтитын «арқалағаны алтын, жегені жантақ» іске бағалар едім.
Шерхан Мұртазаның осы бір «Бір кем дүниесінде» сөзуар еткен «Жоғалған тіл» атты тарау бөлімінде «Болашақ» деген шығып, бай балалары шет елде оқып, бірсыпырасы елге қайтады. Білімі жақсы, істі біледі. Бірақ тек орысша, иә ағылшынша сөйлейді. Қазақшасы жоқ. Бір кем дүние», – деп жазып қалдырғаны бар. Көп сүргеннен емес, көпті көрген адамның жазбасы. Тіл болмаса, ұлттың болуы екіталай. Сол сияқты іскерлік қатынастың өзге, бізге тура да ауыспалы мағынада «жат» орыс тілінде жүргізу барып тұрған бассыздық деп айтуға толық негіз бар".