Түркістан қалалық кітапханасында «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби аялдама өтті

Oinet.kz 29-11-2022 376

Қазақ тарихында ұлттың жарқын болашағы үшін еңбек сіңірген тұлғалар аз емес. Биыл елімізде ғана емес, ЮНЕСКО бойынша қазақ әліпбиінің негізін салушы, мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы кең көлемде аталып келеді.

Screenshot_37.jpg

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Оның артында мол әдеби, ғылыми еңбектері қалды. Атап айтсақ, «Қырық мысал» деген алғашқы кітабы «Маса» атты өлеңдер жинағы, «Оқу құралы», «Тіл құралы», «Әліпби», «Жаңа әліпби» атты кітаптары ұлт болашағы үшін таусылмас азық екені белгілі.

27 қазан күні Түркістан қаласындағы №3 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен ұлы тұлғаның мерейтойына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби аялдама өтті. Аялдама 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қоғам қайраткері, аудармашы, әдебиет зерттеуші ғалым, түріктанушы, публицист, педагог Ахмет Байтұрсыновтың өміріне тереңірек тоқталып, басымдық берілсе, ал екінші бөлімде ақыннығ «Аққу, шортан һәм шаян» және «Ат пен есек» мысалдарына талдау жасап, балалармен бірге шығарманың мағынасы толықтай ашылды. Үшінші бөлімді Ахмет Байтұрсыновтың туралы қазақтың белгілі тұлғаларының және ақын-жазушыларының айшықты ойлары аяқтады.

Созақ ауданында «Жас өрен – 2022» әдеби танымдық байқауы өтті
Облыстық кітапханада Нәзір Төреқұловтың 130 жылдығына арналған кеш өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу