Қоршаған ортаны таза ұстау - басты міндет

Oinet.kz 01-05-2021 1382

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында: "Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды" деп айта келіп, туған жерді аялап ұстау керектігін ескертті. 

Screenshot_3.jpg

Осыған орай, өңірлерде ауыл-аймақты таза ұстау мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Жақында бағдарлама аясында және Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «30игі іс» қайырымдылық марафоны аясында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Мақтаарал ауданында  «Табиғатты аялайық!» тақырыбымен сенбілік  өтті. Сенбіліктің басты мақсаты - қоршаған ортаны таза ұстап, табиғаттың тозып кетуіне жол бермеу болды. Атакент- Шымкент тасжолы бойындағы Азаттық елді мекенінде өткен сенбілікке аудандағы ерікті жастар мен Мақтаарал аграрлық колледжінің этнос жастары қатысты. Жастар жұмысты белсене ұстап, айналаны әп-сәтте күл-қоқыстан тазартып тастады. 

Осылайша ауыл жастары туған жерді таза ұстап, жанашырлық танытты. Бұл өзгелерге үлгі болып, санасына серпіліс сыйлады.

Кітап оқитын жастарды көбейту - басты назарда
Жетісайда қоршаған орта күл-қоқыстан тазартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу