Қанат Мусин түрме жүйесін әділет министрлігіне қайтару керектігін айтты

Oinet.kz 19-02-2022 1188

Screenshot_2.png

Әділет министрі Қанат Мусин қылмыстық-атқару жүйесін әділет министрлігінің құзырына қайтару туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz жазады. 

Ол бұл істі қайтадан кері қайтару керектігін алға тартты. 

"Мен қылмыстық-атқару жүйесін қайтарар едім. Өйткені адамды туралы тергеу жүргізгендер оны жазаға тартпауы керек. Менің ұстанымым осындай, бірақ өмір көрсетеді", - деді Қанат Мусин журналистермен кездесуінде.

Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі 2002 жылы Әділет министрлігінің құзырына берілгенімен, бірнеше жылдан кейін Ішкі істер министрлігіне қайтарылды. Қылмыстық атқару жүйесі әлі де Ішкі істер министрлігінің құзырында.


Шымкенттік бас дәрігердің ісі Жоғары сотта қаралады
Иманбек АҚШ-та концерт береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу