28 полиция қызметкері жұмыстан босатылды
Бүгінгі таңда біз ерекше көңіл бөлетін маңызды мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Бұл бойынша жеке құраммен түсіндіру жұмыстары жиі жүргізіліп, арнайы жиналыстар өткізіледі. Департаментімізде Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бар. Сол арқылы заңды бұзған қызметкерді өзіміз анықтап, тергеп тексеру жүргіземіз. Қажет болса Ішкі істер органдары қатарынан шығарылып, аластатылады. Мәселен өткен жылы 7 полицейдің үстінен іс қозғалып, 28 қызметкер жұмыстан босатылды. Сондықтан жемқорлыққа бой алдырған қызметкер бірінші кезекте жасаған ісіне сай жауап береді. ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев нақтылап айтқанындай: «Біз барлығымыз халыққа қызмет етеміз. Полиция қатарында сенім мен билікті теріс пайдаланатындарға орын жоқ!».
Ашық болу мақсатында біз облысымызға қарасты әрбір басқарма, бөлім жанынан фронт-офистерді аштық. Бірақ бүгінде пандемияның салдарынан оның жұмысы уақытша тоқтап тұр. Сондықтан сіздермен кері байланысты тоқтатпау мақсатында департаментіміздің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары 24 сағат бойы жұмыс істеп тұр.
Онда күнделікті облыс полицейлеріне қатысты жаңалықтар жарияланып, тұрғындардан келіп түскен сауалдарға жауап қайтарылады. Сондай-ақ өзімнің де фэйсбукте жеке парақшам бар. Мен күн сайын өз уақытымның бір бөлігін осыған арнап тұрамын. Кез-келген уақытта арыз-шағымыңызды, пікіріңізді қалдыра аласыз.
Түркістан облыстық Полиция Департаментінің басшысы Қайрат Дәлбековтың есеп беру жиынынан