«Жолда қабылдау» акциясында жұртқа құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Oinet.kz 29-08-2020 1082

070.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша тәртіп сақшылары тұрғындардың құқықтарын қорғаумен қатар құқықтық түсіндірме жүмыстарын да жүргізіп келеді. Соның бірі – «Жолда қабылдау» акциясында аудан полицейлері халыққа қарқынды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ішкі істер министрлігінің нұсқаулығына сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айындағы «Жолда қабылдау» акциясында «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» түсіндірме жұмыстары толық жүргізілді.

Іс-шара барысында Сайрам аудандық полицейлері жалпы 39 азамат қабылдаған. Азаматтардың сұрақтары бойынша талдап айтсақ; автокөлікті тіркеу – 7, жүргізушілік куәліктерін беру – 4, жол жүрісін ұйымдастыру – 2, көлік құралдарын қайта жабдықтау – 2, айыппұл төлеу тәртібі – 3, карантин кезеңінде белгіленген талаптар мен шектеулердің сақталуы бойынша 1 азамат келіп, өзінің сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Сайрам АПБ басшылығымен тікелей эфирлер мен қауырт желі арқылы келіп түскен сұрақтар қатары да болды.

Ал, Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 35 тұрғынды қабылдады. Тұрғындардың көкейіндегі мәселелері қаралып, нақты кеңестер берілді. Азаматтардың өтініштері мен талап-тілектері тыңдалып, толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Халық үшін қолайлы іс-шарада тұрғындар алдын ала жазылып, кезек күтпестен сұрақтарына тұщымды жауап алды.

Сарыағаш ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы жүргізілді
Жастарға Конституция кітапшаларын сыйлап, құқықтарын түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу