Жолда заң бұзғандар жазадан құтылмайды

Oinet.kz 25-08-2020 733

056.jpgМемлекет басшысының ұсынысымен Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерге қолданылар жаза түрлерінің қатаңдатылған белгілі. Бұл бағытта облыс әкімінің тапсырмасын орындауда Түркістан өңірінің полицейлері қырағылық танытуда. Сондай құқық бұзушылықтың бірін Төлеби аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Тәртіп сақшылары "Приора" жүргізушісін жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін ұстады.
Төлеби АПБ патрульдік полиция инспекторлары Төлеби ауданының Леңгір қаласында бірден ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша жол қозғалысы ережесін бұзған "Приора" автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, 19-нан 20-тамызға қараған түні тәртіп бұзушы өз көлігімен Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы бірнеше рет айналып, маневр жасаған.
Жүгенсіз жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше баптары бойынша хаттама толтырылды. Олар: 590-бап «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу», 596-бап «Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру ережелерін бұзу, қарсы жүріп өту немесе басып озу», 630-бап «Жолдарды, темір жол өткелдерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру» және 612-бап «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы».
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Маневр жасау ережелерін, жылдамдық режимін бұзбаңыз және қарсы қозғалыс жолағына шықпаңыз. Есіңізде болсын, жол қозғалысы ережелерін бұзу, жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де, жолаушылардың да өмірі мен денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан барынша абай болыңыз.

Қасақана жол қозғалысын бұзғандар жазадан құтылмайды
Тәртіпке бағынбай той жасағандар жазаланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу