Авторлық құқықты бұзуға болмайды!

Oinet.kz 21-08-2020 750

027.jpg

"Anti-fraud" іс-шарасы барысында түлкібастық полицейлер авторлық және сабақтас құқықтарды бұзған тұрғынды анықтады.

Түлкібас АПБ-не республикалық қоғамдық бірлестіктердің бірінен қатынас хаты келіп түскен. Онда Т.Рысқұлов ауылындағы дүңгіршектердің бірінде белгісіз азамат лицензияланбаған DVD дискілерін заңсыз сатып жатқандығын хабарланған.
Жоғарыдағылардың негізінде аудандық полицейлер тез арада әрекет етіп, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдікті дүкен иесі анықталды. Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде заңсыз қазақ тілінде әндер жазылған дискті тәркілеп алды. Құқықбұзушы Түлкібас АПБ-не жеткізілді. Келтірілген материалдық шығынның құны анықталуда.
Аталған жайт Түлкібас АПБ-не тіркеліп, ҚР ҚК-нің 198-бабымен тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы ҚР ҚК-нің 198 бабының 2,3 бөліктеріне сәйкес айтарлықтай не ірі мөлшерде авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын өткізу мақсатында иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау қылмыс болып табылады.
Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 18-20 тамыз күндері аралығында Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері облыс көлемінде "Anti-fraud" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның негізгі мақсаты 
– ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын құқықбұзушылықтарға, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы тұру және жолын кесу.

Көлігінде есірткі сақтап ұсталды
Ақша талап еткен күдіктілер анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу