Экс-полицей 15 жылға бас бостандығынан айырылды

Oinet.kz 20-08-2020 751

018.jpg

Түркістан облысы әкімдігі тұрғындардың құқықтарын қорғау мен азаматтардың қауіпсіздігін басты назарда ұстау туралы тапсырмасын жүзеге асыру барысында тәртіп сақшыларына жүктелер міндет үлкен. Дегенмен, полицейлердің арасында да құқық бұзушылар кездесіп жатады.

Полиция департаменті Тергеу басқармасының қызметкерлері өткен жылдың соңында сотқа бұрынғы әріптесіне қатысты айыптау қорытындысымен қылмыстық іс жолдаған. Бопсалау және жасөспірімге қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген экс-полицей 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

2015 жылдың қыркүйек айында ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына (қазіргі Түркістан облысы) аудандардың бірінің 19 жастағы тұрғыны арызданды. Жас жігіт 2013-2015 жылдар аралығында полиция қызметкері тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағанын хабарлады. Аталған жайт ҚР ҚК 362-бабы "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. 10 айдан кейін полиция қызметкері Департамент бастығының бұйрығына сәйкес ішкі істер органдарының қатарынан шығарылды. Іс дәлелдемелердің жеткіліксіздігінен бірнеше рет тоқтатылып, прокуратурамен күшін жойды. 2018 жылдың тамыз айында Түркістан облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдады. Тергеушілер бірден қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 362-бабынан "Билікті немесе діни өкілеттікті асыра пайдалану" ҚР ҚК-нің 121-бабына "Сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері" қайта дәрежеледі. Осы сәттен бастап бір жарым жыл ішінде полицейлер бұрынғы әріптесінің кінәсін дәлелдеу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізді. Кешенді сараптама тағайындалды, психологтар мен осы іске қатысты мамандар тартылды. Іске қатысты куәгерлерден жауап алынды. Тергеуші дәлелдемелерді жинау мақсатында Алматы қаласына бірнеше рет барған. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің кінәсін толығымен дәлелдеп, ҚР ҚК-нің "Бопсалау" бабын қосты.
Нәтижесінде, 2019 жылдың соңында тергеушілер бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты айыптау актісімен істі сотқа жіберді. Өз кезегінде, 2020 жылдың ақпан айында сот бұрынғы полиция қызметкерін зорлық-зомбылық пен бопсалау жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 15 жылға бас бостандығынан айырды. Содан кейін адвокаттар аппеляциялық шағым берді. Алайда, сот бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Карантин талаптарын бұзудың 300-ден астам жайтын анықтады
Жоғалған қойын тауып иесіне қайтарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу