Құрылыс құралын ұрлап қылмысты болды

Oinet.kz 18-08-2020 700

012.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену әрекеттеріне қарсы күрес туралы тапсырмасын бұлжытпай жүзеге асырып келе жатқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекті қылмыстың бетін ашты.

Мақтаарал АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша түнгі уақытта белгісіз тұлға оның тұрғын үйінің ауласына заңсыз кіріп, құрылысқа қажетті құрал жабдықтарын ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның көлемі 30 мың теңгені құрайды. Аталған жайтты Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері ҚР ҚК- нің 188- бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында Мақтаарал АПБ- нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, күдікітіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Осылайша тәртіп сақшыларының жүргізген іздестіру жұмыстары барысында күдікті 2 күн ішінде ұсталды. Ол бұрын сотты болған Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Ұсталған ер азамат бұрындары осындай жолмен тұрғындардың мүлкін ұрлап, жауапкершілікке тартылған. Бүгінгі таңда күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды.

Тергеу барысында анықталғандай күдікті өз арам ойын іске асырғаннан соң, ұрланған заттарды сатып жіберіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан. Полицейлер күдіктіге қатысты тергеуді жалғастыруда.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Егерде сіз ұрлықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, міндетті түрде тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз

Ұрлық жасағандардың ешқайсысы да жазадан құтылмайды
Күзет агенттігінен қару ұрлаған күдіктілер қолға түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу