Тәртіп сақшылары 3 күнде 357 құқықбұзушылықты анықтады

Oinet.kz 01-08-2020 627

77.jpg

Түркістан облысы әкімінің кәмелет жасқа толмағандар арасында заңбұзушылықты болдырмау туралы тапсырмасын жүзеге асыру барысында тәртіп сақшылары 29-31 шілде күндері аралығында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізді. Аталған шара облыс аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға, түнгі уақытта үйден тыс жерде үлкендердің еріп жүруінсіз жүрген жасөспірімдерді анықтауға және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған. Сондай-ақ қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде карантин кезінде санитарлық нормалардың талаптарын сақтай отырып, көшелерде, аулаларда және жастар көп жиналатын жерлерде түнгі рейдтер өткізу үшін бірнеше мобильдік топтар құрылды.

Түркістан облысының полицейлері "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасының үш тәулігінде ішкі істер органдарына 422 кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жеткізді. Оның ішінде 1 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында 357 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуының 333 жағдайын және "ұсақ бұзақылықтың" 4 фактісін тіркеді.

Ювеналды полицейлер 7 жасөспірімнің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы "кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатудың 7 фактісі және алкоголь өнімдерін сатудың 5 жағдайы анықталды.

Карантин талаптарына бағынбай заң бұзғандар жазаланады
Баласының құқықбұзушылығы үшін ата-анасына ескерту жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу