Заңсыз жер қойнауын пайдаланғандар ұсталды

Oinet.kz 08-08-2020 733

115.jpg

Түркістан облысы әкімінің жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол бермеу туралы тапсырмасымен тәртіп сақшылары "Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісайда жер қойнауын өз бетімен пайдаланудың кезекті фактісін анықтады.

Түркістан облысы Полиция департаменті Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен Жетісай аудандық Полиция бөлімінің Табиғатты қорғау инспекциясы бірлесе отырып, рейд барысында Сырдария өзенінің жағасынан көк шөп тамырларымен біріккен шымды кірпіш түрінде ойып алып, заңсыз өндірген жергілікті тұрғындарды ұстады. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзушылардан шым тиелген екі жүк көлігін тәркілеп, заңды шешім қабылданғанға дейін айыптұрағына қойды. Қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау үшін жиналған материалдар экология департаментіне жіберілді.

"Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері ҚР ҚК 334-бабы "жер қойнауын өз бетімен пайдалану" бойынша 1 экологиялық қылмыс және 1627 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Тәртіп бұзушыларға 3 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды. Бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар жалғасын табады. 

Карантин талаптарын сақтамай заң бұзған азаматтар жауапқа тартылды
Анасынан екі баласын айырған күдікті қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу