3 күнде 49 тәртіп бұзу тіркелді

Oinet.kz 06-08-2020 692

94.jpg

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантин режимі енгізіліп, талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі жіті түсіндіріліп келеді. Оған жауапты құзырлы органдар да қадағалауды күшейтіп, арнайы тексеру жұмыстарын мықтап қолға алды. Ал індеттің таралуын азайту мақсатында бетперде кимеген азаматтарға талап күшейіп, айыппұлдар салынуда. 

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен Полиция департаментіне қарасты Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен 6 мобильдік топ құрылып, қала ішінде күнделікті рейдтер ұйымдастырылуда. Соның бірінде қалада орналасқан дүкендердің бірінің сатушысының бетпердесіз қызмет көрсетіп жатқандығы анықталды. Сонымен қатар карантин талаптарын қатаң ұстану керектігі түсіндірілді.

Жалпы 2-5 тамыз күндері аралығында Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полицейлері карантин талаптарын бұзғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 49 әкімшілік хаттама толтырды. Аталған жайттар бойынша іс құжаттар жинақталып, Түркістан қалалық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Түркістан облысының полицейлері әрбір тұрғынға карантин талаптарын үнемі сақтап, өз денсаулықтарыңызды бақылауда ұстауға кеңес береді. Оған қоса бетперде тағуды ұмытпай, әдетке айналдыру керектігін ескертеді. 

Жер әперем деп алаяқтық жасаған адам құрықталды
Мас хәлде көлік жүргізіп, заң бұзған 441 адам ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу