Заң бұзған жүгенсіз жүргізуші жазасыз қалмайды

Oinet.kz 17-07-2020 658

нельзя.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп тұрады. Кезекті түнгі рейд барысында Түркістан қаласының полицейлері қала көшелерін патрульдеп келе жатып, күдік туғызған «Мерседес» маркалы автокөлікті тоқтатады.

Автокөлік иесінің құжаттарын тексере келе жүргізушінің мас халде және құжатсыз екендігін анықтайды. Белгілі болғандай жүргізуші 2019 жылдың қазан айында Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған. Ол сол кездегі әрекетінен сабақ алмай, жүргізілген медициналық зерттеудің қорытындысына сәйкес, тағы да мас халде көлік басқарғаны анықталып, екінші рет қайталап отыр.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркелді. Соттың қаулысына сәйкес аталған жүгенсіз жүргізушіге 2 ай мерзімге дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

28,5 млн теңгенің қойын ұрлап сатып құрықталды
Мас хәлде көлік айдап, екі айға қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу