28,5 млн теңгенің қойын ұрлап сатып құрықталды

Oinet.kz 17-07-2020 659

койлар.jpg

Мемлекет басшысының мал ұрлығына қатысты заң талаптарын қатаңдатуына байланысты Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен тәртіп сақшылары бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтті. Нәтижесінде тіркелген қылмыстар желед ашылып, тұрғындар сенімі артып келеді.  

Шардара АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, отар қойының ішінен 570 бас қойы жоғалғанын хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айында ол малдарын жергілікті тұрғынға бағуға сеніп тапсырған. Алайда үш айдан соң малдарын санағанда бір бөлігі жоқ болып шыққан. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету" бойынша СДТТБТ-да тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Шардара АПБ полиция қызметкерлері қой ұрлауға қатысы бар бақташыны, яғни Шардара ауданының тұрғынын құрықтады. Анықталғандай, күдікті малдардың көп бөлігін иемденіп, сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 28,5 миллион теңгеден асты.
Қазіргі уақытта бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтауда.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері ауылдықтарға қырағы болуды және өз малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауды ұсынады. Сондай-ақ, мүмкіндігінше үй малын таңбалап, ен салдыру керек, ал қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтыңыздар. Егер сізде малыңызды жоғалтып, ұрлатып алсаңыз тез арада 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Бір келі марихуана машинасынан табылды
Заң бұзған жүгенсіз жүргізуші жазасыз қалмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу