Түлкібаста заңбұзушының қарасора егістігі жойылды

Oinet.kz 29-07-2020 670

карасора.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің карантин кезінде құқықбұзушылықты болдырмау, заңбұзушылықтың алдын алу туралы тапсырмасына сәйкес өңірде тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қадағалауды күшейтті. Осы бағыттағы рейдтік және түсіндіру шаралары барысында Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түлкібас аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, кезекті қарасора егістігін жойды.

Полицейлер Түлкібас ауданы тұрғынының үйінің бақшасынан құрамында есірткі заты бар 6 түп өсімдік тапқан. Оған қоса тінту кезінде жедел уәкілдер, күдіктіден өсімдік тектес ерекше иісі бар 3 орама затты тәркіледі.

Айғақты зат ретінде алынған есірткі түптері мен орамалар сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, құрамында есірткісі бар өсімдіктің түптері "қарасора" болып шықты, ал орамаларда "кептірілген марихуана" сақталған. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 70 гр асты.

Аталған жайт СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша тіркелді: 300 "құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" және 296 "өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу". Күдікті қолхатта. Полиция қызметкерлері ер адамның үйінде есірткі заты бар өсімдіктерді қандай мақсатта өсіргенін және сақтағанын анықтауда.

"Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу" бойынша 200 заңбұзушылық анықталды
Есірткі сатып ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу