Түркістан облысында қылмыс азайып келеді

Oinet.kz 25-07-2020 660

алентаев.jpg

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны азайып келеді. Бұл туралы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Алихан Алентаев айтты.

Түркістан облысы аумағында жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар жедел-профилактикалық "Жасөспірім", "Түнгі қаладағы балалар", "Қауіпсіз мектеп", "Құқықтық тәртіп" іс-шаралары өткізіліп, нәтижесінде қылмыс саны, оның ішінде кәмелетке жасы толмағандарға қатысты қылмыстардың саны  23 пайызға азайды. 

Алентаевтың айтуынша, құқық бұзушылыққа бейім 454 кәмелетке толмаған және бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын 232 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды. Ата-анасының бақылауынсыз жүрген 29 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына 160 іс-құжат жолданып, комиссия отырысында қаралды. Құқық бұзушылыққа бейім үш жасөспірімді Кентау қаласындағы арнайы мектепке жолдау туралы Сот шешімі қабылданды. Бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын сегіз ата-ана өз құқықтарынан айырылды.


Заңға қайшы әрекеттерге шақырған арандатушылар жазаланады
Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары тоқтамайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу