Суға түсу ережесін бұзғандар жазаланады

Oinet.kz 26-07-2020 708

шомылу.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасымен заңбұзушылықтың алдын алу мақсатында полицейлер карантиндік режимді сақтау бойынша профилактикалық жұмыстарын тұрақты жүргізуді жалғастыруда. Тұрғындарға құқықтарын түсіндірген арнайы құрылған мобильдік топтар азаматтар мен сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базар иелерінің, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде, көшелерде өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуын да тексеруде.

Одан бөлек, қазір жаз - суға шомылу маусымы болғандықтан, Түлкібас аудандық полицейлері мен Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері аудан көлемінде белгіленбеген орындарда суға түсуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын ескертуде. Осы бағытта жүргізілген тексеру жұмыстары аясында ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы "жалпы су пайдалану ережелерін бұзу" бойынша 13 жайт тіркеліп, оларға әкімшілік хаттама толтырылды.

Өз кезегінде полиция облыс тұрғындарын аталған індеттің таралу қаупіне байланысты карантин ережелерін бұзбауға шақырады. Кез келген, су арықтарына, өзен-көлдерге, яғни белгіленбеген орындарға суға түспеңіздер. Балаларыңызға сақтық шараларын айтып, түсіндіріп отырыңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар

Карантин талаптарын бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылды
Заңға қайшы әрекеттерге шақырған арандатушылар жазаланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу