Мас хәлде көлік жүргізуге болмайды!

Oinet.kz 01-07-2020 691

106284027_925592281249794_4009534804756428979_o.jpg

Түркістан облысында Келес аудандық Полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің Патрульдік полиция тобы қызмет инспекторлары мен Әкімшілік практика тобының инспекторлары бірлесіп атқарған жұмыстары нәтижесінде маусым айында мас халде көлік басқарудың 4 дерегі анықталды. Оның 3 жайты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» 1-бөлігімен тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Яғни бұл заңнамаға сәйкес көлік жүргізушілері 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып және 15 тәулікке қамауға алынған. 

Сонымен қатар, аудандық полиция қызметкерлері күнделікті көшелерді парульдеу кезінде Жібек жолы-Жетісай тас жолы бойында өзінің «Ауди-100» маркалы көлігімен қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігіне соқтығысып, материалдық шығын келтірген жүргізушіні анықтады. Тексеру барысында жол-апаты жеңіл көлік жүргізушісінің ЖҚЕ бұзуы мен мас халде көлік басқаруы салдарынан орын алғаны белгілі болды. Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Жинақталған іс құжаттары сотқа жолданды.

Тәртіп сақшылары жолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтап қана қоймай, түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізуде.Түркістан облысының полициясы жол ережесін бұзбау, спирттік ішімдік ішіп, көлік жүргізбеу қажеттігін ескертеді.

Алаяқтық жасаған жазадан құтылмайды
Қошқар ұрлап, сойып сатпақшы болғандар қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу