Танысының телефонын алдап алып ломбардқа өткізген күдікті ұсталды

Oinet.kz 17-03-2020 714

устау.jpg

Түркістан облысының полицейлері арызданушының баласынан ұялы төлефонын сұрап алып, ломбардқа өткізіп жіберген күдіктіні ұстады. Жергілікті бюджетке түскен түсімдер туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, өзінің колледжде оқитын ұлының ұялы телефонын бұрын, мектепте жоғарғы сыныпта оқыған танысы тартып алғанын көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 110 000 теңгені құрады. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркелді.  

Аудандық полицейлердің анықтауынша, күдікті, ескі танысы өзінен кіші жасөспірімнен ұялы телефонын сөйлесіп алуға сұрап алып, тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру ойы туындап, қайтармай қойған. Осылайша оқиға орнынан телефонды алып кетіп қалған. 

Тонау қылмысын ашу мақсатында полицейлер барлық шараларды іске асырды. Нәтижесінде тығылып жүрген жас жігітті үйінен ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті ұялы телефонды ломбардқа 25 мың теңгеге өткізіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан. Тәртіп сақшылары аталған ұялы телефонды айғақты зат ретінде тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға құнды заттарына сақ болуға, таныс емес азаматтарға бермеуге кеңес береді. Бағалы заттарыңызды ұрыларға ұрлатып алмай, абай болыңыздар. Егер осындай жайттың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер.



Түркістан облысында құқықбұзушылардан 24 млн теңге өндірілді
Төтенше жағдай режимін бұзған екі адам қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу