Қазығұрт: Ауылдық округтерде игілігін ел көретін игі істер атқарылуда

Oinet.kz 16-11-2025 12

ЖЫЛ-СОҢЫНА-ДЕЙІН-САПАЛЫ-ЭЛЕКТР-ҚУАТЫМЕН-ҚАМТУ-КӨРСЕТКІШІ-99-ПАЙЫЗҒА-ЖЕТЕДІ-10.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, тұрғындармен ашық диалог орнату, көтерілген мәселелердің шешілу барысын талқылау және алдағы жоспарлармен бөлісу тұрғысында аудан әкімдерінің халық алдында есеп беруі жалғасуда. Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов та есеп беру жиындарын бастап кетті.

Аудан әкімі есеп берген Қарабау ауылы округінде биылдың өзінде көп жұмыс атқарылған. Атап айтсақ, округте қарасты Қарабау елді мекеніндегі Д.Қонаев, Т.Айнақұлов және Абай көшелерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы аясында су жинайтын резервуарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда тұрақты ауыз су берілуде. Ал Үшбұлақ фельдшерлік-акушердік пунктіне осы жылдың шілде айында 4,7 миллион теңгеге бөлініп, ағымдағы жөндеуден өткізілген. Қарабау елді мекенінде Шеринг тәсілімен Билайн байланыс операторы 2G және 3G мобильді желісін таратуда. Мобильді интернетті жоғарлату бойынша, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына және «Кар-Тел» (Билайн) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсыныс жолданып, бүгінгі таңға кемшіліктер жойылып, ауыл тұрғындары сапалы ұялы байланысты пайдалануда. Сынтас елді мекені Е.Сарыпбеков көшесі «Оңтсүтік Жарық-Транизит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгерімінде. Сондықтан аталған көшедегі тозығы жеткен 35 электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары 2026 жылы жүргізіледі. Үшбұлақ елді мекені Сауытов көшесіндегі топырақ жолға шағал төсеу үшін 21 миллион теңгеге сметалық-жобалық құжаттамасы есебі әзірленіп,  бюджеттен қаржы бөлу үшін ұсыныс берілген.

Бұл округте осы жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жиында 6 мәселе көтерілген болса, оның 4-еуі бүгінгі күні толық шешімін тапқан. Ал 2 мәселе бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда.

Мұндай есеп беру жиыны Сарапхана ауылы округінде де өткізілген. «Бұл ауылдық округте осы жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жиында 4 мәселе көтерілген болатын, оның ішінде 3 мәселе толық шешімін тауып, 1 мәселе бойынша жұмыстар жалғасуда. Атап айтсақ, Сарапхана елді мекеніндегі дәріханалар егелерімен дәрілерді негізсіз бағасын көтермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бақылауға алынды. Ал Қазығұрт ауданы бойынша тұрғындардан шығарылатын тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету және тасымалдау жұмыстары осы жылғы 30 тамыздан бастап «Асыл» жеке кәсіпкерлік тарапынан тоқтатылды. Қазіргі таңда аталған жұмыстарды «Таза су» МКК жүзеге асыруда. Бүгінгі күні мекеме Қазығұрт және Қызылқия ауылдық округтерінде қызмет көрсетіп жатыр. Қалған ауылдық округтерде жұмыстар кезең-кезеңімен басталатын болады. Бұдан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Талдыбұлақ елді мекеніндегі Түгейболат көшесінің 2,5 шақырымына «ЮгМастерСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Оның жобалық құны 355,2 миллион теңгені құрады. Ал Махамбет елді мекенін тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Таза су» МКК тарапынан скважина қазу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 315 метр қазылды, 375 метрге жеткенде ауыз су шығу жоспарлануда», - деп атап өтті аудан әкімі Азизхан Исмаилов.

Аудан әкімінің айтуынша, Сарапхана ауылдық округінің инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандарды жаңарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын таба береді. Сонымен қатар кездесуде тұрғындар көтерген тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, реттеу және жол кедергілерін орнату мәселелері де алдағы уақытта шешіледі деп отыр.

Жігерген ауылы округінде де көтерілген мәселе де, атқарылған жұмыс та аз емес. Соның бірі – Шақпақ елді мекенінен медециналық пункт салу. Алайда, заңға сәйкес, ең жақын дәрігерлік пункт арақашықтығы 5 шықырымнан асқан жағдайда ғана медициналық пункт салу мүмкіндігі бар. Тесіктөбе ФАП-тың Шақпақ ауылымен арақашықтығы 1 шақырым болуына байланысты медециналық пункт құрылысын салу мүмкіндігі жоқ екендігі жиында ашық айтылды. Сондай-ақ Жігерген елді мекені шекарасын ұлғайту үшін 16,3 гектар жерді елді мекен шегіне қосып беру туралы ұсыныс жасалған. Бұл мәселе аудандық маслихаттың шешіммен шешімін тауып отыр. Ал Жігерген ауыл әкімі аппараты орналасқан ғимаратты «Жігерген» балабақшасының теңгеріміне беру бойынша салалық басқармалар арқылы тиісті құжаттары әзірленуде. Бұл шаруаны жыл соңына дейін шешу жоспарланған. Бұдан бөлек, Қызылбұлақ елді мекеніндегі Мошқал баба мен Ұя су көшелеріне өтетін көпірді алдағы уақытта демеушілер есебінен жөндеу жоспарлануда. сонымен қатар Жігерген елді мекеніндегі Т.Мырзабеков көшесінің бойына лоток салу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Мұнда да елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандарды жаңарту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар ауданның бас жоспарға сәйкес алдағы уақытта атқару жоспарланған. Ауыл тұрғындары ол игі жобалардың игілігін көретін күн алыс емес деген сенімде.

Сарыағаш: Қала мен ауылдық округтерде инфрақұрылым жүйелері жаңғыртылуда
Қазығұрт: Округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу