Салық жүйесіндегі әділдік, ашықтық экономикалық өсімінің кепілі

Oinet.kz 28-10-2025 10

Қазақстан экономикасының тұрақтылығы мен өсуі ең алдымен тиімді қаржы жүйесі мен әділ салық саясатына тікелей байланысты. Қаржы секторы – елдің экономикалық қаңқасы, ал салық жүйесі – бюджеттің негізгі кіріс көзі.

Screenshot_14.jpg

Сондықтан мемлекет қаржы институттарын жетілдіру мен салықтық саясатты жаңғыртуға ерекше көңіл бөлуде.  Қаржы секторын дамыту мен салық саясатын жетілдіру – елдің экономикалық егемендігін нығайтудың басты шарты. Елдегі  қаржы секторының басты мақсаты – экономикалық өсімді қолдау және капитал айналымын тиімді басқару.

Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төмендегідей бағыттарда жұмыс жүргізіп келеді: банк жүйесінің тұрақтылығын арттыру, капитал жеткіліктілігін күшейту; шағын және орта бизнесті несиелеуді кеңейту; жеке тұлғалардың депозиттерін қорғау және халықтың банк жүйесіне сенімін арттыру; қаржы нарығында бәсекелестікті дамыту және жаңа қатысушыларды тарту. Қазіргі таңда Қазақстанның қаржы жүйесі тұрақты даму жолында. Елімізде қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасы бекітілген. Бұл құжат қаржылық тұрақтылықты нығайту мен бəсекеге қабiлеттi қаржы нарығын қалыптастыру мақсатын көздейдi. Тұжырымдамада  бес қағидат көзделген. Олар:  экономикалық өсiмдi қамтамасыз ету, қаржылық технологияларды дамыту жəне инновациялық өнiмдер мен қызметтердi енгiзу, қаржылық тұрақтылықты қолдау, бəсекелестiктi дамыту, қаржылық инклюзияны арттыру жəне тұтынушылар үшiн қаржы өнiмдерi мен қызметтерiне қол жеткiзудiң тең жағдайларын ұсыну шаралары бар.

Салық саясаты – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды құралы. Салық саясаты салғырттықты кешірмейтіндіктен, ол нарыққа бейімделіп, өзгеріске ұшырап тұруы заңдылық.  Еліміздің салық саясаты тәуел¬сіздікпен бірге эволюциялық жолмен дамып келеді.  34 жылда салық саясаты бірнеше реформаны бастан кешірді. Алғашқы Салық кодексі 2001 жылы қабылданған болатын. Соңғы жылдары Қазақстан Үкіметі салық жүйесін әділдік, ашықтық және қарапайымдылық қағидаттарына негіздеп қайта қарастыруда.  Енді, міне, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде жаңа Салық кодексі қолданысқа енгелі тұр.  Жаңартылған кодекстің мақсаты – шағын және орта бизнесті дамытуға серпін беретін икемді әрі әділетті модель қалыптастыру болып табылады.  Басты өзгеріс - арнайы салық режимдерінің саны жетеуден үш негізгі түрге қысқарады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін: 4% мөлшерлеме, жылдық табыс 15 млн теңгеге дейін. Бұл режим жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді және артық бюрократияны болдырмайды. Жеңілдетілген декларация: жылдық айналымы 2,36 млрд теңгеге дейінгі кәсіпкерлерге арналған. Базалық мөлшерлеме – 4%, бірақ маңызды ерекшелігі – жергілікті мәслихаттар бұл мөлшерлемені 2%-дан 6%-ға дейін өзгерте алады. Бұл әр өңірдің экономикалық жағдайына бейімделуге жол ашады. Шаруа және фермер қожалықтары үшін: бұрынғы режим сақталады, бірақ енді бірыңғай жер салығының орнына жеке табыс салығы енгізілетін болады.

Қазіргі таңда еліміздегі  қаржы және салық салаларында цифрлық трансформация кеңінен жүріп жатыр. Электронды төлемдер, онлайн касса, QR арқылы төлем жүйелері бизнеске де, азаматтарға да ыңғайлы жағдай туғызуда. Болашақта «Цифрлық теңге» енгізу арқылы төлемдердің қауіпсіздігі мен бақылау тетіктері одан әрі жетілдіріледі.

Тиімді салық жүйесі мен тұрақты қаржы нарығы – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсімінің кепілі. Мемлекет пен жеке сектордың бірлескен іс-қимылы арқылы елдің қаржылық тұрақтылығы мен инвестициялық тартымдылығын арттыру көзделуде.

Мамандар Қазақстанда салық  төлеушілердің мә¬дениетін арттыру мәселесін жетілдіру керек деп есептейді. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек  Германияда  азаматтар салық төлеуді міндет деп қана емес,   мемлекетті   қолдау деп түсінеді екен. Яғни оларда салық төлеген кезде мемлекетке қолдау  көрсетіп жатырмын деген патриоттық  сезім қалыптасқан. Мұхиттың арғы жағындағы Америка тұрғындары салық төлеуді өмірлік норма деп санаса, британдықтар үшін бұл азаматтық борыш. Біздің елдің салық төлеушілеріне де осындай жауапкершілік пен патриоттық сезім қажет деп есептейді сарапшылар.   Ата Заңымыздың  35-бабында да: «Салық төлеу – әрбір азаматтың бо¬рышы» деп жазылған. Бұл қағиданы берік ұстанып жүрген жандар аз емес. Десе де, қоғамда салық тәртібі, салық мәдениетін қалыптастыру өзекті болып тұр. Салық – мемлекеттің экономикалық жүйесінің негізі, ал салық мәдениеті – қоғамның қаржылық жауапкершілігінің көрсеткіші.

Мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі бөлігі салықтан құралатындықтан, әр азаматтың өз міндетін түсініп, салық төлеуді азаматтық борыш ретінде қабылдауы – экономикалық тұрақтылықтың басты шарты. Салық мәдениеті – бұл тек салық төлеу міндетін орындау емес, сонымен қатар мемлекет пен азамат арасындағы өзара сенімнің көрінісі.

Қаржылық сауаттылық – тұрақты экономикалық дамудың негізі
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу