«Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры» талаптарды бұзғаны анықталды
2025 жылдың шілде айында Түркістан облысының мәдениет басқармасына қарасты «Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бағалық ұсыныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алу жариялаған.
Осыған байланысты Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау жүргізді.
Бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттамасындағы техникалық ерекшелікте ұлттық немесе мемлекетаралық стандарттардың көрсетілмегені анықталды. Бұл талаптардың болмауы сатып алудың ашықтығы мен өнім сапасына теріс әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты, «Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына мемлекеттік сатып алу заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы ресми ескерту жолданды. Қазіргі таңда барлық ескертулер толық орындалып, құжаттар тиісті талаптарға сай реттелді.
Бұл жағдай мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде техникалық талаптардың толық және нақты көрсетілу қажеттігін тағы бір мәрте дәлелдейді.