Түркістан қаласында 7 ай қорытындысы бойынша салық түсімі толық орындалған

Oinet.kz 19-09-2025 43

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен мәжілісте туризм және де басқа салалардан түскен салықтық түсімдерге қатысты сөз қозғалды. 

Screenshot_17.jpg

Жиынға Түркістан қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ш.Жаңбырбаев, білім бөлімінің басшысы Б.Төлімбет, қалалық полиция басқармасының өкілдері, бөлім басшылары, сондай-ақ мониторинг және жедел әрекет ету орталығының өкілдері қатысты.

Жиын барысында биылғы жылдың үшінші тоқсанына қатысты түйінді индикаторлар бойынша болжамды мәліметтер ұсынылып, бөлімдердің осы бағытта атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Сала мамандарының айтуынша, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер жоспары толығымен орындалған. Сонымен қатар, кәсіпкерлік мақсатындағы жылжымайтын мүлікті қайта бағалау нәтижесінде оң өзгерістер байқалады. Бағалаудан өткен 685 нысанның бұрынғы құны 16,9 миллиард теңге болса, қайта бағалау нәтижесінде олардың құны 81,9 миллиард теңгеге жеткен. Бұл алты есеге артып, жергілікті бюджетке қосымша 366,5 миллион теңге мүлік салығының түсуіне мүмкіндік беретінін жеткізді.

Жалпы салық түсімдерінің артуына инвестицияның да зор септігі бар. Инвестиция – экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерді енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор. Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды. Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал.

Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін. Қаржылық инвестиция – бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай-¬ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі. Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады. Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.

Инвестициялардың мақсаты: жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту; Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту. Еліміздің экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор.

Шетелдік инвестицияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді. Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын қорғауына болады. Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтермен шұғылдануына болады. Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және басқа да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуына болады.

Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында заңдылықты қамтамасыз ету және салық базасын кеңейтуге бағытталған бірқатар міндеттемелерді жүктеді. Атап айтқанда, мемлекеттік және жекеменшік мектептер мен балабақшаларда жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ ауруханалардағы мамандардың тізімін жинақтап, кірістер басқармасына ұсынуды тапсырды. Сонымен қатар, өзге өңірлерде орналасқанымен, Түркістан облысына қарасты мекемелерді қалаға тіркеу және құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компанияларды заң аясында есепке қоюды міндеттеді.

Сондай-ақ, қала аумағындағы қонақ үйлердің қызметін талдап, кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылып отырған ғимараттардың мемлекеттік қабылдау актілерін қайта зерделеу, заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарын және рұқсатсыз құрылыс жүргізіп жатқан жеке кәсіпкерлерді анықтап, оларға қатысты заңға сәйкес шара қабылдауды тапсырды. 

Қала басшысы аталған бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауына алатынын атап өтті.

Түркістан қаласының инфрақұрылымы жақсарып келеді
Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары аяқталған нысандар ел игілігіне берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу