Түркістан – түркі әлемінің келіссөз орталығы
23-04-2025
Түркістан қаласында жаңа оқу жылының басталуына орай дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аталып өтті.
Оқушылар сарайында өткен шараға қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы, маслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қала прокуроры Қаукен Бахтыбайұлы, полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы да арнайы қатысып, балаларды оқу жылының басталуымен құттықтады.
Шарада 500-ден астам оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтары табысталды. Қыркүйек айының соңына дейін 5000-нан астам оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сый-сияпаттар үлестіру жоспарлануда.
Оқу жылының басталуымен құттықтаған Әзімбек Пазылбекұлы барлық оқушылар мен ата-аналарына және ұстаздарға сәттілік тілеп, білім саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
- Бұл күн – білім мен ғылымға жасалған маңызды қадам, болашаққа бастар жолдың алғашқы белесі. Түркістан қаласында бүгінде 85 мектепте 55 мыңнан астам оқушы білім алуда. Сондай-ақ, 150 балабақшада 17 мыңнан аса бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Биыл 4 мектепке күрделі жөндеу, 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа білім ордаларында балалардың сапалы білім алуымен қатар, спортпен, өнермен және ғылыммен айналысуына толық мүмкіндік жасалған, – деді қала әкімі.
Айта кетейік, түркістандық оқушылардың жетістіктері де орасан. Өткен оқу жылында 178 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 250 түлек «Үздік аттестатқа» ие болды. Сондай-ақ, мектеп бітірушілердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік грант негізінде жоғары оқу орындарына түсті.