Ханқорған қалашығы – туризм экономикасының қозғаушы күші

Oinet.kz 03-07-2025 10

Сайрам ауданы, өз тарихы мен мәдениетімен танымал өңір, бүгінгі таңда туризм саласындағы мүмкіндіктерін дамытуда. Осы тұрғыда ерекше орын алатын нысан – Ханқорған қалашығы. 

Screenshot_5.jpg

Бұл мекен тек археологиялық құндылығымен емес, ауданның экономикалық дамуына әсер ететін маңызды туристік орталық болып табылады.

Ханқорған қалашығының тарихы тереңде жатыр. VII–IX ғасырларда іргетасы қаланған бұл қала ортағасырлық Қарахан мемлекеті кезінде ірі әкімшілік және мәдени орталық болған. Қаланың қалған бөлігі мен тарихи ескерткіштер бүгінде Өңіріміздің киелі жерлер картасында белгіленген. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның киелі жерлер географиясына қосылған бұл жер, өз кезегінде елімізде және шетелде танымал бола бастады. Туризм саласы Сайрам ауданы экономикасында жаңа қарқын алып келеді. Ханқорған қалашығының тарихи және мәдени маңызы көптеген туристердің қызығушылығын тудырып отыр. Қалашыққа туристер келіп тұрады, және бұл туристік ағымның артатындығы күтілуде. Туризмнің дамуы аудан экономикасына қосымша кіріс әкеліп, жергілікті кәсіпкерлер мен жұмысшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сайрам ауданының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары да нәтижесін бере бастады. Қалашыққа апаратын жолдардың жаңартылуы, туристер үшін ақпараттық стендтердің, көлеңкелі алаңдардың және ұлттық фотозоналардың орнатылуы жоспарлануда. Бұл шаралар ауданға келетін туристердің санын арттырып, қосымша табыс көздерін ашуға ықпал етеді. Ханқорған қалашығының табиғи сұлулығы мен тарихи маңызы келешекте ауданның туризмін жаңа деңгейге көтеріп, экономиканың тұрақты әрі қарқынды дамуына әсер етеді.

С.СӘУЛЕБАЙ

"Манкент" шипажайы – саулық мекені
Сайрам ауданында аурухананың жөндеу жұмыстары қарқынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу